Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары биыл аяқталады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Саин көшесін ұзарту жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады. Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындармен кездесуінде мәлім етті.

Алматы әкімінің айтуынша, 2024 жылы Солтүстік айналма көшесінен Саин көшесіне дейінгі Үлкен Алматы каналы бойындағы көшенің және 5 шағын ауданда жалпы ұзындығы 75 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
«2024 жылдың қыркүйегіне дейін Саин көшесін ұзарту аяқталады. Ал осы жылдың соңына қарай Мөңке би көшесіндегі жолайрығының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қаланың негізгі магистральдық көшелерінен, оның ішінде Рысқұлов даңғылынан, Саин және Момышұлы көшелерінен, сондай - ақ аудандық маңызы бар көшелерден көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды», - деп атап өтті Ерболат Досаев.
Сондай-ақ Шаңырақ-1 және Алғабас шағын аудандарында жаңа жолдардың құрылысы 2024 жылдың қараша айында аяқталады.