Алматыда Саин-Мөңке би көшесіндегі жолайрық шілде айында ашылады

Алматы қаласы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Саин мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайырық шілде айының соңында қолданысқа беріледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралау барысында жол инфрақұрылымын дамыту қарқынымен танысты.

Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мегаполис басшысына Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жолайрығын салу, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан салынып жатқан жолайрығына дейін Саин көшесін ұзарту жұмыстары туралы баяндалды.

Мәселен, Бұл «жоңышқа жапырағы» типтес жолайырықты іске қосу Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (ҮАААЖ) шығу кезінде екі үлкен магистральға көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жобада ұзындығы 2,3 км тротуарлар мен веложолдарды орнату көзделген.

Бүгінгі күні инженерлік желілерді шығару, тоннель мен рампаны бетондау жүргізілді, съездерді орнату, жарықтандыру, съездерді асфальттау және абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, ұзындығы 3,2 км болатын Рысқұлов даңғылынан Саин көшесі бойында салынып жатқан жолайрығы бағытында ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр.  

Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Б.Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 30%-ға төмендетіп, Рысқұлов даңғылының оңтүстігінде және Мөңке би көшесінің солтүстігінде Саин көшесінің учаскелерін қосуға арналған.

Жолды әр бағыт бойынша тротуарлармен және велосипед жолдарымен үш жолақ салу жоспарда. Қазіргі уақытта 66 жер учаскесінің 65-і сатып алынды, инженерлік желілерді қайта құру, жер төсемінің, тротуарлар мен веложолдардың негізін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Жобаның аяқталуы ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Ерболат Досаев нысандардағы жұмыстарды жеделдетуді және шілде айының соңында жолайрығында жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған дейін Алматыда екі ірі жолайрық құрылысы мен екі көшені ұзарту жұмыстары аяқталатыны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар