Алматыда сапасыз құрылыс жүргізген 8 компания лицензиясынан айырылды

Алматыда жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам кемшілік анықталды, деп хабарлайды Kazinform жергілікті әкімдікке сілтеме жасап. 

құрылыс
Фото: Kazinform

Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексеру аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заңбұзушылықты анықтап, оны жоюға 634 ұйғарым берген. 

Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтатуға тиіс.

ӘҚБтК 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

— «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
— «ТриА Холдинг» ЖШС;
— «Ремстрой» ЖШС;
— «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
— «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Кіші түрінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензиясынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн.