Алматыда сауда орталығына бомба қойылды деген хабар тарады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті.

сауда орталығы
Фото: 2gis

Полиция департаментінің мәліметінше, қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі аталған сауда орнын тексерді, нәтижесінде жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары «Максима» сауда орталығында жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар