Алматыда сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген 16 боди массаж салоны жабылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мегаполисте интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері сауықтыру массажы қызметінің атын жамылып жұмыс істеген 16 жезөкшелер үйі анықталған.
- Жергілікті рейдтер нәтижесінде интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үшеуі – шетелдік. Сот шешімімен олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Қалған әйелдерге де әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар жезөкшелер үйі қызметін атқарған 16 ғимараттың иелері жауапқа тартылды, - деді Алмалы аудандық ПБ-ны қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.
Еске салайық, бұған дейін боди массажды желеу етіп 2 миллиард теңге табыс тапқан Астана тұрғыны ұсталғанын жазғанбыз.