Алматыда шамамен 40 жылдан кейін құбырлар ауыстырылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды.Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Қалада биыл 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі, бұл жұмыстар Алматының 6 ауданында өтті.

Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең кезеңімен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар