Алматыда ішек ауруларын емдеуге арналған орталық ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында ішектің қабыну ауруларын емдейтін алғашқы мамандандырылған орталық ашылды.

Алматыдағы ішек ауруларын емдеуге арналған орталық
Фото: Алматы әкімдігі

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дерегінше, ішектің қабыну аурулары, соның ішінде Крон ауруы және ойық жаралы колит бүкіл әлемде жиі кездеседі. АҚШ пен Еуропа елдері сияқты табысы жоғары мемлекетте алты миллионға жуық адам ішектің қабыну ауруларынан зардап шегеді.

Алматыда ішек ауруларын емдеуге арналған орталық
Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстанда әрбір 100 мың адамға шамамен 5-10-да ішектің қабыну аурулары жағдайы келеді деп есептеледі және бұл көрсеткіш, әсіресе диагностиканың жақсаруын және аурулар туралы хабардарлықтың артуын ескере отырып, өсе беруі мүмкін.

Қысқа ішек синдромы - сирек кездесетін, бірақ ауыр жағдай, әдетте жарақаттар, аурулар немесе Крон ауруы сияқты ішектің қабыну ауруларының асқынулары салдарынан аш ішектің маңызды бөліктерін хирургиялық алып тастағаннан кейін пайда болады.

Қазір елімізде қысқа ішек синдромына шалдыққан науқастардың бірыңғай статистикасы жоқ, өйткені ҚІС диагнозы жоғары мамандандырылған орталықтар жағдайында күрделі диагностиканы қажет етеді.

Алматыда ішек ауруларын емдеуге арналған орталық
Фото: Алматы әкімдігі

Орталық жоғары сапалы диагностиканы, заманауи емдеу бағдарламаларын және психоәлеуметтік қолдауды қоса алғанда, пациенттердің осы санатына мамандандырылған көмек көрсетеді. Негізгі бағыттардың бірі клиникалық тамақтану мәселелері бойынша консультациялық көмекті қамтитын нутритивтік түзету болады.

«Орталықтың негізгі міндеттері - ІҚА және ҚІС пациенттерінің өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ болжамды жақсарту және ықтимал асқынулардың алдын алу. Біздің орталықтың бірегейлігі - диагностика үшін заманауи технологиялардың және терапияның үлкен арсеналының болуында ғана емес, сонымен қатар пациенттерге оңалту және емдеу үшін қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік беретін көпсалалы топтың болуында. Біз әрбір пациентке сапалы көмек, сондай - ақ толыққанды өмірге оралу үшін қажетті қолдау беруге дайынбыз», - деп атап өтті Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмилә Қайбуллаева.

Соңғы жаңалықтар