Алматыда ішек инфекциясына шалдыққандар саны артты – эпидемиолог

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жыл басынан бері жедел ішек инфекциясының 108 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 73 баладан анықталды.

В Алматы растет число заболевших кишечной инфекцией
Фото: pixabay.com

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда15,4 пайызға артты.

«Жедел ішек инфекциясымен ауырғандардың арасында екі жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, олардың үлесі 69,5 пайыз. Негізгі себептер - балалардың күтімі кезінде аналардың жеке гигиенаны сақтамауы, дайындау технологиясы мен сақтау қағидаларын бұза отырып, үйде дайындалған өнімдерді, сондай-ақ жуылмаған көкөністер мен жемістерді пайдалану», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 85 адам тамақ арқылы, тағы 23 адам тұрмыстық жағдай арқылы жұқтырғанын атап өтті.

Эпидемиолог жіті ішек инфекциясының белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады.