Алматыда шетелдік туристер ағыны артты

Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73%-ға өсіп, 261 мың адамнан асты. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Туристердің жайлы демалысы үшін биыл 3 кемпинг аймақты (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) орнату жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, төбесі жабық беседкалар, үстел-орындық, «Алтыбақан» ұлттық стиліндегі әткеншектер орнатылды.

Сонымен қатар Кіші Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі түсті нұсқаушы белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.

Бұған дейін Алматының апорты Қазақстан бренді болып тіркелгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар