Алматыда шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды

Алматыда шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды
Фото: Алматы қаласы ПД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметінің мәліметінше, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 65 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде, - деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтаған. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, Полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Алматыда заңсыз жұмыс істеген құжаты жоқ африкалықтар ұсталған еді. 

Оған дейін Алматыда заңсыз курьерлік қызметпен айналысып келген шетел азаматтары ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram