Алматыда сырғыманың түсуі: Үйінді астынан төрт адам іздестіріліп жатыр

сырғыма түскен жер
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге келді.

Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді. 

«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша  жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында топырақтың лайлануы салдарынан техногендік сипаттағы лай көшкіні болды. 

Ерболат Досаев
Фото: Алматы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар