Алматыда соғылған екі автобустағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Дәрігерлер Алматыда жол апатынан зардап шеккен алты адамның қазіргі жағдайын айтты.

Алматы
Фото: Kazinform

«10 наурыз күні №o7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне бес адам жеткізілді. Барлық зардап шеккендер жан-жақты тексерілді. Төртеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді, бір науқас ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Алтыншы адам Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматының Алатау ауданында Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар