Алматыда сот шешімімен көлік жуу орталығы бұзылды

Көлік жуу
Фото: Алматы әкімдігі / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сот шешімімен заңсыз салынған көлік жуу орталығы бұзылды. Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды. 

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген.

«Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды. Жақында меншік иесі қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды», - деп атап өтті басқарма өкілдері. 

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан сүрілді. Оның ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен мейрамханалар бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram