Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда супермаркет алдындағы ауқымды қосалқы нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда супермаркетке заңсыз салынған қосымша құрылыс сот шешімімен бұзылды.

Алматыда супермаркет алдындағы ауқымды қосалқы нысан бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 510А мекенжайындағы «Spar» супермаркетіне жапсарлас салынған нысан толықтай сүрілді.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «КБЕ групп» ЖШС-не құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген. Тексеру нәтижесінде нұсқаманың орындалмағанына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған.

— Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайындағы дәмхананың қосалқы бөлігі толықтай бұзылды.