Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғылды. Салдарынан екі адам қаза тапты.

Жол апаты
Фото: Алма Мұқанова

Полиция мәліметінше, жол апаты түнде Алматының Медеу ауданында болды.

«Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады ведомстводан.

Екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін Алматыда Әшімов және Шаляпин көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. 

Соңғы жаңалықтар