Алматыда тағы бір көше қыркүйекке дейін жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігі мәліметінше, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі жол бөлігі жабылады. Шектеу 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00–ден 05:00–ге дейін енгізіледі.
— Жұмыс түнгі уақытта жүргізіледі. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Одан бөлек LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі аралығы 25 тамыз сағат 23:00–ден 26 тамыз 6:00–ге дейін жабылады.
Еске салайық, бұған дейін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 1 қыркүйекке дейін Абай даңғылыынң Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетінін жазғанбыз.