Алматыда тағы бірнеше көше жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда бірнеше көшедегі жол учаскелері және Қапшағай көпірінің учаскесі жабылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Алматыда тағы бірнеше көше жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

21 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 22 қыркүйектің сағат 14:00 дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында автокөліктердің қозғалысы Павлодарская көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады. 

Сондай-ақ 21 қыркүйек күні сағаь 09:00-ден 21:00-ге дейін Оңдасынов көшесінің Достық даңғылынан МТФ көшесіне дейінгі учаскеде қөлік қозғалысы шектелетін болады. Айналма жол «Европолис» ТҮК аумағы арқылы қамтамасыз етіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде №107 маршруттың қозғалысы өзгереді. 

Қапшағай көпірінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты Боралдай көшесінен «Самал» дүкеніне дейінгі учаскеде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда: 

20 қыркүйекте сағат 23:00-ден 22 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін қозғалыс облыс бағыты бойынша жабылады. Жолдың батыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

22 қыркүйекте сағат 23:00-ден 24 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін қозғалыс қала бағытында жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Еске салайық, бұған дейін Журавлев көшесінің бөлігі 10 күнге жабылатынын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Абай даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады. 

Соңғы жаңалықтар