12:08, 11 Маусым 2024 | GMT +5
Алматыда тағы да қойма өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Жетісу ауданында есік сақтайтын қойма өртенді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар 11 маусым күні сағат 10:15-те түскен.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Аумағы 80 шаршы метр болатын қоймадағы өрт қазіргі уақытта оқшауланған.
- Осы минуттарда Жетісу ауданында өрт сөндірушілер қоймалардың бірінде өртті сөндіріп жатыр. ТЖМ күштерімен жақын орналасқан нысандарға өрттің таралу жойылды. Өрт оқшауланды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 7 маусым күні Жетісу ауданында ірі қойма өртенген болатын.