Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Polisia.kz-тің мәліметінше, көп ұзамай қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам қолға түскен. Күдікті полицияға жеткізілді.
– Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, - делінген хабарламада.
Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті. «Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда мопедтердің қатысуымен 233 жол апаты болғанын жазған едік.