Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсы басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарланды.

Победителей гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» наградили в Астане
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Бағдарлама жастар бастамаларын қолдауға бағытталған және 14 пен 35 жас аралығындағы Алматы тұрғындарына өз жобаларын іске асыруға 1 000 000 теңге алуға мүмкіндік береді.

Гранттар алты бағыт бойынша бөлінеді:

1. Ғылым: жас ғалымдар мен олардың зерттеулерін қолдау.

2. Мәдениет: мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған жобалар.

3. Ақпараттық технологиялар: цифрлық трансформация үшін жаңа IT шешімдерін әзірлеу.

4. Бизнес: стартаптар мен бизнес-бастамаларды қолдау.

5. Медиа: жас ұрпақ үшін сапалы контент жасау.

6. Волонтёрлік: әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар.

Ұйымдастырушылар бұл грант жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз жастарымыздан шығармашылық идеялар күтеміз. Бәріңізді гранттық конкурсқа қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың бәріне шабыт, табыс және өз жобаларын табысты іске асыруды тілейміз», - деді Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Беккайыров.

Өтінімдерді қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 2024 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады. Жеңімпаздар барлық өтінімдерді тексергеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде анықталады.

Өтінімдер generationala.kz сайты арқылы қабылданады, сұрақтар туындаған кезде +7 (776) 844-12-02, +7 (776) 829-78-41 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Еске салайық, Алматыда Ерте араласу орталығы құрылды. 

Соңғы жаңалықтар