Алматыда «Тауфик» дәмханасынан өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда дәмхана өртенді. Сол маңдағы тұрғын үйден 5 адам эвакуацияланды.

өрт
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:58-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Розыбақиев көшесі, 13 мекенжайына шақыртуға шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте «Тауфик» дәмханасының шатыры жанып жатқанын анықтады.

өрт
Фото: Алматы ТЖД

«Өрттің таралу қауіпі көршілес құрылыстарға туындап, сол маңдағы үйден 5 адам эвакуацияланды. Дәмханада ешкім болған жоқ. Жанып жатқан ғимараттан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», - деп хабарлады департаменттен.

өрт
Фото: Алматы ТЖД

Өрт 9:43-те толығымен жойылды.

Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды.

Оны сөндіруге 30 адам, 10 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылды