Алматыда тектоникалық жарықшақтарда орналасқан 71 үй бұзылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тозығы жеткен 676 үй бұзылады, оның 71-і тектоникалық жарықшақтарда орналасқан үй бар. Бұл туралы қала мәслихатының кезекті XXIV сессиясы барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев мәлім етті.

Басқарма басшысының сөзінше, ескі үйлерді бұзу бойынша 2012-2015 жылдар аралығында қалада пилоттық жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылды. Кейін 2021- 2025 жылға дейін есептелген қолданыстағы реноавция бағдарламасы бекітілді.
Екі реновация бағдарламасы аясында 181 ескі үйді бұзылып, 1 629 пәтердің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді. Деседе, қалада әлі 1 366 тозығы жеткен көпқабатты үй бар. Онда 43 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
Сондай-ақ ол Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспары жаңа реновация бағдарламасын әзірлеуге негіз болғанын атап өтті.
«Жаңа бағдарламада қолданылатын шарттар мен механизмдер 676-дан кем емес тозығы жеткен үйлерді, соның ішінде тектоникалық жарықшақтарда орналасқан 71 үйді сүруге мүмкіндік береді. Бұл 2030 жылға дейін апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің шамамен 7500 меншік иесін жаңа жайлы пәтерлерге көшіру көзделген. 2024 жылы көшіру қорын қалыптастыру үшін 1110 пәтерді сатып алуға бюджет есебінен 30 млрд теңге бөлінді. 2026 жылдан бастап бұл қаражаттар инвестициялық тартымды учаскелерде ескере тырып, реновация бағдарламасына қайта инвестицияланатын болады», - деді қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев.