Алматыда Төле би көшесін ұзарту қашан аяқталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Төле би көшесін ұзартуға 13,6 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді.

Алматыда Төле би көшесін ұзарту қашан аяқталады
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

2026 жылы Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, бұл ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Сайын және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.

Ведомство басшысының сөзінше, қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Сайын көшесін ұзарту жұмысы неге кешеуілдеп жатқаны жайлы жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматыда 2026 жылы қандай көшелер ұзартылатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум