Алматыда түнгі уақытта ішімдік сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мегаполисте 9 шағын дүкенің түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктер сатқаны белгілі болды. 

ішімдік
Фото: Алматы ПД

Алматы полицейлері өткен демалыс күндері шаһардың орталық бөлігінде арнайы іс-шара өткізді. Оның барысында бар, дәмхана, түнгі клубтар мен кешкі сағат 21.00-ден кейін алкогольдік өнімдер сататын азық-түлік дүкендеріне тексеру жүргізді.

«Нәтижесінде 37 адам ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 9 шағын дүкен әкімшілігіне түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатқаны үшін айыппұл салынды. Рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарының дабылдары ескеріліп, көрсетілген аумақтар бойынша қандай да бір құқық бұзушылықтардың жасалуына талдау жүргізілді. Жергілікті іс-шаралар, әсіресе демалыс және мереке күндері тұрақты түрде өткізілетін болады», – дейді, Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ ол қала бойынша қоғамдық орындарда кальян шегудің 120-дан астам дерегі анықталғанын мәлім етті.