Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кішкентай қызды тоқ соққан. 

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты
Фото: freepik.com

Бұл туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың анасы айтты. Оның сөзінше, оқиға Навои, 39 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болған.

— Үй ауласындағы шам бағасының жанында бір арматура шығып тұрды. Ойнап жүріп қызым соған тиіп кетті де, құлап түсті. Кейін арматурадан тоқ соққанын түсіндім. Қызым қазір жансақтау бөлімінде жатыр, — деді баланың анасы.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша Әуезов ауданына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

— Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады, — деп хабарлады полициядан.

Қыздың жағдайына байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдадық.

Еске салайық, бұған дейін Қонаевтағы демалыс аймағында ток соққан 11 жасар бала көз жұмды

Соңғы жаңалықтар
Референдум