Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысы басталды

 ОДКБ
Фото: Александр Павский /Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды.

Жиынға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Беларуссия сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

шос
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

СІМ басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылап жатыр.  

Сондай-ақ олар ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қарастырады.

Отырысқа Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян қатыспады.

Еске салайық, 31 мамыр күні Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері бірқатар құжатқа қол қойған болатын. 

Соңғы жаңалықтар