Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуын 60 мың адам тамашалады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Абай алаңында дрондар шоуы өтті.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Алматы әкімдігі

Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынды. Оны 60 мыңға жуық алматылық тамашалады.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Алматы әкімдігі

Аспанға бір мезетте 500-ден астам дрон ұшып, Жеңіс элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін ерекше бағдарламаны ұсынды.

Қазақстандық батырларға ерекше мән берілді. Аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың бейнелері аспанда жаңғырып, әрқайсысы өзіне тән болмысымен көрінді: Мәншүк — автоматымен, ал Әлия — мылтығымен.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Алматы әкімдігі

Әуе кеңістігінде әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдинов те көзге түсті.

Ал қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының бейнесі – ерлік пен рухтың символына айналды.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан бөлек, Ұлы Жеңіске 80 жыл, «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» – «Никто не забыт, ничто не забыто» деген жазу пайда болды. Шоудың шарықтау шегі қазақы оюмен көмкерілген мерекелік композиция және жарқыраған «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазумен аяқталды.

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Алматы әкімдігі

— Бұл заманауи визуалды шоу — батырларға тағзым ғана емес, соғыс туралы жаңа, қолжетімді, әсерлі әрі есте қаларлық баяндау түрі. Ол тарихи жадымызды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын еске салады. Іс-шара демеушілердің қолдауымен барлық қауіпсіздік талап сақтала отырып ұйымдастырылды, — деп атап өтті әкімдіктен.

Еске салайық, осыған дейін Алматы аспанында соғыс батырларының бейнесі көрсетілетіні туралы жазған едік.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы
Фото: Виктор Федюнин

 

 

Соңғы жаңалықтар