Алматыда университет маңында жылу құбыры жарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жоспарлы сынақ кезінде AlmaU университетінің жанында жылу құбыры жарылды. 

Алматыда университет маңында жылу құбыры жарылды
Фото: Видеодан алынған скрин

«Алматы жылу жүйесі» мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатқан жоспарлы гидравликалық сынақ кезінде сағат 4:35 шамасында Хусаинов көшесіндегі магистралды құбыр желісі жарылған. 

— Диаметрі 500 мм болатын құбырдағы ақауды жедел түрде апаттық бригада оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыстың себебі — 1987 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуы. Сынақ кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанымен, төтенше жағдайлар болуы мүмкін, — деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі».

Сонымен қатар компания мұндай жағдай болған кезде өз бетінше әрекет етпеуді, оқиға орнынан дереу кетіп, телефон арқылы «Алматы жылу жүйесіне» хабар беруді сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 40 жыл қолданылған құбыр ауыстырылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар