Алматыда университеттерге бомба қойылғаны рас па
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы ЖОО-ларға бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан үш жоғары оқу орнында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Сондықтан жедел әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілген.
- Ғимараттар мен оларға іргелес аумақтар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кешенді тексеруден өткізілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Астанада бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан адам Украинада ұсталды.
Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқан 60-қа жуық адам жауапқа тартылды.