Алматыда үш қабатты ғимарат шатырындағы өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласының Әуезов ауданында шаруашылық құрылысын қамтылған өрт үш қабатты ғимараттың шатырына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

өрт
Фото: ТЖМ

Оқиға орнына қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

- Өрт сөндіру барысында шатырдың ішінара құлауы орын алды. Дегенмен құтқарушылар үздіксіз су беруді ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеді, - деп жазылған ақпаратта.

Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынның көрші үйге таралуына жол берген жоқ.

Айта кетейік, Алматы облысындағы қамыс өрті толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар