Алматыда үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Райымбек даңғылында түнде үш көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті.

Алматыда жол апаты
Фото: Kazinform

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 26 қаңтар күні түнде, сағат 23:45 шамасында Алатау ауданында болды.

– Тойота маркалы шағын жүк көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта, Саин көшесінен шығысқа қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп батыс бағытта жүріп кетіп бара жатқан екі Hyundai көлігімен соқтығысқан. Артынша шағын жүк көлігі аударылып қалды, – деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан үш адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Алатау аудандық полиция басқармасы тергеуге кірісті.

Бұған дейін Алматыда мас күйінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші сотталған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар