Алматыда үстел теннисінен Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

Алан Курмангалиев
Фото: olympic.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 24-26 мамыр аралығында Алматыдағы  үстел теннисі орталығында XXVIII Азия жастар чемпионатына Орталық Азия іріктеу турнирі өтеді.

Аталған турнирде Ираннан, Қырғыз Республикасынан, Түрікменстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстаннан келген спортшылар екі командалық жолдама үшін жарыс жолына шығады.  

Іріктеу ойындарында Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Қадырәлі Қабдылуахитов, Данян Ши, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Кошкумбаева, Альбина Жақсылықова және Алиса Цвигун Қазақстан командасының атынан өнер көрсетеді. 

Еске салсақ, бұған дейін үстел теннисінен Ташкентте өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар