Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 9 мыңға жуық жануарларды қамту жоспарланып отыр. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін жалғасады.
Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі – 6 айдан 9 жасқа дейін.
Тегін зарарсыздандыру және кастрацияны жүзеге асыратын ветеринарлық клиникалардың мекенжайлары мен телефондары:
«Mastino» – Есенберлин көшесі, 217; 8 (700) 327-44-89 whatsapp бойынша жазылу қажет.
«Айболит» – Абай даңғылы, 26; 8 (708) 972‒02‒07
«Vet elite» – Кудерин көшесі, 6; 8 (700) 776 62 50, 8 (708) 653 32 57 whatsapp бойынша жазылу қажет.
Бағдарламаға ветеринариялық паспорты және бірыңғай есепке алу базасына енгізу үшін микрочипі бар жануарлар қатыса алады. Микрочип пен төлқұжат болмаған жағдайда оларды аталған клиникалардың кез келгенінен қосымша ақыға сатып алуға болады.