Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Циолковский көшесі, 2/324 мекенжайында орналасқан нысан сот шешімімен заңсыз деп танылды. 

Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз 4 қабатты ғимарат салғаны анықталды.

Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

— Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілді. Ұзаққа созылған сот процестерінің нәтижесінде апелляциялық сот алқасы заңсыз салынған нысанды бұзу туралы қаулы шығарды. 2026 жылы 23 ақпанда Әділет департаментінде атқарушылық іс қозғалды, — делінген хабарламада.

Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Басқарма мәліметінше, бірер күн бұрын сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Розыбакиев көшесі, 166 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы террасасы бұзылып жатқанын хабарлағанбыз.