Алматыда ветеринарлық қызметтің автопаркі жаңартылды

Алматыда қаңғыбас жануараларды аулау үшін жаңа техникалар сатып алынды, деп хабарлайды Kazinform.

жаңартылды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК үшін борттық платформасы бар 12 жеңіл жүк көлігі, 2 трицикл, трактор, аулау қызметінің жұмысшыларын тасымалдауға арналған жолаушылар автобусы және жеңіл автокөлік сатып алынған. 

«Қазіргі уақытта аулау қызметіне 6 автокөлік жұмылдырылды, оның ішінде 2022 жылы сатып алынған JAC маркалы 3 арнайы көлік пен 2013 жылы шыққан Hyundai Porter маркалы 3 көлік жұмылдырылды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қаңғыбас жануарларды аулауға арналған көліктер қаладағы барлық ауданға жіберіледі. Бекітілген бригадалар аудандық әкімдіктермен жасалған меморандумға сәйкес келіп түскен өтінімдерді пысықтайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар