Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қаладағы Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайда орналасқан нысан сүрілетін болды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.
Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) еш рұқсат құжаттарынсыз, нысанды заңсыз салғаны нықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.
— Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу жөнінде шешім шығарған еді. Кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары болды. Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы нысанды бұзу жөніндегі шешім өзгеріссіз қалды, — делінген хабарламада.
Нысан бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріліп жатыр.
Осыған дейін Алматының тау бөктерінде заңсыз құрылыс нысаны сүріліп жатқанын жазған едік.