Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, тұрғындардың өтініші негізінде «Шұғыла» шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінің меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижиесінде таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.

 
«Меншік иесіне ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, алайда ол орындалған жоқ. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды», - деп атап өтті басқармадан.

Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бұзылды. Осыған дейін үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған «Graff» тұрғын үй кешенінің бұзылғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар