Алматыда заңсыз сыра өндірген жасырын цех анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында алкоголь өнімдерін заңсыз өндірілген.

Алматыда заңсыз сыра өндірген жасырын цех анықталды
Фото: видеодан салынған скрин

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ғимарат жертөлесінде орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді. Оқиға орнынан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылған.

Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, сондай-ақ шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат алынған.

- Аталған дерек бойынша барлық мән-жайларды толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталды. Мұндай құқықбұзушылықтар ерекше бақылауда. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленді.