Алматыда заңсыз жүрген Африканың 15 азаматы елден шығарылды

елден шығарылды
Фото: полиция департаментінен

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзған африкалықтарға қатысты сот қаулысы шықты. 

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африканың 15 азаматы елден шығарылды.

«Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған. Атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде ҚР аумағынан шықпаған соң сот қаулысымен еліміздің аумағынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған африкалықтардың анықталғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар