Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған интернет-алаяқтар ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қарт азаматтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауда күдікті адамдар тобының қызметі тоқтатылды.

у
Фото: ІІМ

Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігінде азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасалғанын жазған едік.

Астанада 1500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.