Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жеке үйдегі өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды.
Алдын ала дерек бойынша бұл үйде тұрған зейнеткерлерді қылмыскер өлтіріп, үйді өртеген. Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған.
Басқа да мән-жайлар анықталуда, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, Алматы қаласының ТЖД таулы аймақта өрт қауіпсіздігін бұзғандарға 370 мың айыппұл салынатынын ескертті.