19:56, 22 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда жалған «Apple» өнімдері тәркіленді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 5,6 млн теңгенің жалған «Apple» өнімдері тәркіленді.

Алматы қаласының Әділет департаменті Apple өнімдерінің тауар белгілерінің заңсыз пайдаланылуы бойынша «Д» кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
– Тексеру барысында 5 600 000 теңге сомасына 1300-ден астам контрафактілік тауар анықталды, – деп хабарлады департаменттен.
Қазір іс бойынша барлық материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Осыған дейін Алматыда Zielinski Rozen, Duracell, Lego және Apple сияқты танымал брендтердің көшірмесі тәркіленген болатын.