Алматыда жаңа амбулатория мен жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Нұршашқан шағын аудан тұрғындары үшін биыл бір ауысымда қуаты 100-ден асатын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды. Қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Сондай-ақ, осы жылдың шілде айында 10 бригадаға арналған №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың шығыс бөлігі үшін жедел жәрдемнің келуін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

«Спорт инфрақұрылымын құру жұмыстары жалғасып жатыр. «Жас Қанат шағын ауданында а. ж. қазан айының соңына дейін күніне 600 адам қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспаруда», - деді қала басшысы.
Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.