Алматыда жаңа жағалау пайда болады

Набережную реки Каргалы благоустроят в Алматы: появился эскиз
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 7,7 шақырымға созылып жатқан «Қарғалы» өзенінің жағалауы қайта жаңартылып жатыр.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, акцияның үшінші аптасы «Біздің қала — біздің таулар, өзендер мен көлдер» ұраны аясында өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.

Жағалау
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қарғалы жобасының мақсаты — бұл аймақтың экожүйесін сақтай отырып, қала тұрғындарының демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасау.

«Мұнда өзен арнасын тазартып, серуендеу аймағын құру жоспарланған. 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ көпжылдық гүлдер мен шөптердің гүлзары, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар егіледі. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жететін суармалы су құбыры тартылады», — деп атап өтті әкімдіктен.

Сондай -ақ жағалауға ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарық бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен қоқыс жәшігіне қою жоспарда.

Жағалау
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Басты мақсат — балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары мен өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Әткеншек, сырғанақ және өрмелеу сияқты ашық ойын элементтері балалардың моторикасы мен физикалық белсенділігін арттырады.

Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған орындықтары мен үстелдері бар демалыс аймағын құру жоспарда.

Ерекше балалар үшін де ойын алаңдарында инклюзивті элементтер қойылатын болады.

Көпір жолын қайта құрып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіздік пен қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған.

Бұл жоба «Қарғалы» өзенінің жағалауын қала шетіндегі бірегей табиғи саябаққа айналдырады.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарда бар.

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram