Алматыда Жаңа жыл қарсаңында қар жауады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Алматыда жаңа жылда қар жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қар жаууы мүмкін.
31 желтоқсан — Алматыда ауа температурасы түнде -1-3, күндіз — 2-4 градус суық болады.
1 қаңтар — қар жауады, күн бұлтты, күндіз сынап бағаны -1…-3°C, түнде — -3…-5°C көрсетеді. Соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ға жетеді. Көктайғақ болады.
2 қаңтарда да көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градусты көрсетеді.
Осыған дейін «Қазгиромед» РМҚ алдағы мереке күндерге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.