Алматыда Жаңа жыл түні мерекелік отшашу болады
Алматыда жаңа жылға арналған отшашу демеушілердің қаржысына ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazinform.
«Астана алаңында отшашуға дейін 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті басталады. Бұған қоса, 18:00-ден 20:00-ге дейін Алматының әр ауданында қысқы фестиваль аясында жаңа жылдық концерттік бағдарламалар өтеді. Отшашу кезінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Бұған дейін Алматыны жаңажылдық безендіруге жарты млрд теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.