Алматыда Жансүгіров көшесі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жансүгіров көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Дорога ремонт Жол жөндеу
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, 8 қазан сағат 23:00-ден 10 қазан сағат 11:00-ге дейін Ақпаев көшесінен Крамской көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл бөлікті Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

9 қазан сағат 23:00-ден 11 қазан сағат 11:00-ге дейін Крамской көшесінен Тихов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин көшесі арқылы жүруге болады.

10 қазан сағат 23:00-ден 12 қазан сағат 11:00-ге дейін Тихов көшесінен Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Рудаки көшесі арқылы айналып өтуге болады.

11 қазан сағат 23:00-ден 13 қазан сағат 11:00-ге дейін Котельников көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин, Котельников көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Осыған дейін Алматыда 57 жыл пайдаланылған жылу құбырының ауыстырылғаны туралы жазған едік.