Алматыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан әйел сотталды

Қызылордада жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан мас тұрғын жауапқа тартылды.

Алматы полициясынан мәлім еткендей, осы жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон шалып, қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. 

Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады.

Кейін Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының мамандары ізін суытпай күдіктіні анықтап, ұстады

«Медеу аудандық сотының үкімімен Н.есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді»,- деп хабапрлады ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар
telegram