Алматыда жарнама тақтасын орнатып жатқан альпинист биіктен құлап, көз жұмды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне жарнама тақтасын іліп жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап кеткен. 

Алматыда жарнама тақтасын орнатып жатқан альпинист биіктен құлап, көз жұмды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады.

– Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Осыған дейін Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді 56 жастағы танысы өлтіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар