Алматыда жас жігітті троллейбус қағып, мерт қылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті.

жол апаты
Фото: t.me/almatylive_kz/237

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 13 қаңтар күні сағат 17:50-де Бостандық ауданында болды.

– №11-ші троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған жас жігітті қағып кеткен. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Адам өліміне әкеп соқтырған адам жол апаты бойынша қымыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін Nissan көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған еді.

Соңғы жаңалықтар